Х Pеспубликалық студенттік пәндік олимпиада

2018 жылы наурыз айының 29-30 күндер аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен 5В020800-Археология және этнология мамандығы бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиадаға, университетіміздің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ә. Тәжекеевтің жетекшілігімен АЭ-16-1 оқу тобының студенті Қаражан Гүлдинер және АЭ-17-1 оқу тобының студенттері Сәбитұлы Елжан, Әлибай Бауыржан, Есімахан Фариза қатысты.

Олимпиада бағдарламасы бойынша 1-турда топ басшысы Қаражан Гүлдинер топ мүшелері мен университетті таныстырды, 2-турда студенттер «Сыр бойының киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында ғылыми жоба қорғады және 3-турда археология және этнология пәндерінен тестілеуге қатысып, университетіміздің «СЕЙХУН» тобы өте жақсы нәтиже көрсетіп жүлделі ІІ орынды иемденіп қайтты.

JoomShaper