Үздік эссе облыстық конкурсы жеңімпазы анықталды

2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық және ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында үздік эссе облыстық конкурсы өткізілді.

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіре отырып, іс-шара барысында аталған тақырып бойынша үздік жоба байқауының жеңімпаздары, яғни жемқорлықты алдын алу шараларына белсенді қатысып, өз үлестерін қосқан жоғары оқу орындарының және кәсіптік-техникалық және ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері марапатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Үздік эссе» номинациясы бойынша I орын жеңімпазы болып «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы А.С. Нурымбетованың жетекшілігімен ДО-17-1 студенті Алдоңғар Әсел Мейрамбекқызы марапатталды.
Сонымен қатар, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы А.К. Муйденованың жетекшілігімен Ю-17-5 оқу тобының студенті Дуйсембай Нурия Аманжолқызы эссэге өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы шығарған өлең жолдарын ұсынғаны үшін Алғысқа ие болды.

JoomShaper