Көпсалалы аймақтық университет: Даму белестері мен жаңа мүмкіндіктері

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай «Көпсалалы аймақтық университет: даму белестері мен жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Ыдырысұлы Өмірзақов, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов қатысты.
Конференцияда университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов еліміздегі іргелі білім ордасы, Сыр еліндегі ғылым мен білімнің қарашаңырағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылғаннан бастап күні бүгінге дейін алған асулары мен жеткен жетістіктерін саралап, болашақтағы жоспарларымен таныстырды.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов пен Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Ыдырысұлы Өмірзақов бәсекеге қабілетті, білімді, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуге университеттің рөлі зор екендігін айта келе, ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Конференция барысында Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Т.Кеншінбай Корея, Ресей, Түркия және өзге шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарынан келген құттықтауларды көпшілік назарына жеткізді.
Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен жетекші ғалымдары сан сала бойынша баяндамалар оқып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

JoomShaper