Жас мамандарға сұраныс жоғары

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Өңіріміздің кәсіпорындарын цифровизациялау үдерісін қарқынды дамыту мақсатында ЖОО мен ұйым қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс атқаруы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға облысымыздың IT-технологиясы саласында қызмет көрсетіп жүрген мекеме басшылары, атап айтсақ, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар департаментінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры С.И.Ибадулла, Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры А.Ж.Қуанышбаев, «Grand Master» бағдарламалау мектебі директорының орынбасары Қ.Мұстафаев және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Рекрутинг» орталығы мен «Оқу үдерісін ұйымдастыру» бөлімінің мамандары және «Ақпараттық жүйелер» (ИС-16-1,3), «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ВТПО-16-1), «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» (СИБ-16-1,3,5), «Информатика» (Инф-16-1) оқу топтарының бітіруші түлектері қатысты.
Кездесу аясында бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ жиында «Grand Master» бағдарламалау мектебіне жас мамандар тапшы екендігі сөз болды. Мұнан бөлек Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан құрылған «Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі жайлы қажетті мағлұмат берілді. Сонымен қатар, басқосуда «Жас маман» жобасының іске қосылғандығы туралы айтылды.

JoomShaper