Белгілі композитор Секен Тұрысбековтың өнерлі жастармен кездесуі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде белгілі композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Кәрімұлы Тұрысбековтың «Дәстүрлі өнер институты» және «Гуманитарлық-педагогикалық институт» студенттерімен шығармашылық кездесуі болып өтті.

Өзінің дәстүрлі, әуезді әндерімен елімізде кеңінен танылып жүрген қазақ композиторының жоғары деңгейлі музыкасынан ерекше әсер алған студенттер өз ықыластарын ән-жырмен жеткізді. Сөз барысында кеш қонағы өнер жолында басынан өткерген қызықты оқиғаларын айтып берді.
Кездесу барысында жиналған студенттер композиторға әні мен әңгімелері арқылы демалыс сыйлағаны және елдегі кәсіби музыкалық білім берудің дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі!

 

JoomShaper