Шын жүректен мың алғыс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты Б-17-1, Б-18-1 оқу топтарының студенттері Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күні аясында «Шын жүректен мың алғыс» атты мекерелік іс-шара ұйымдастырды.

Шарада институт директоры С.У.Қосанов сабақ үлгерімі жақсы, тәртібі үлгілі, оқуда озат бірқатар білім алушыға және ата-аналарына Алғыс хат пен түрлі номинациялар табыс етті. Кеш әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Жастар әуезді әндерден шашу шашып, мың бұрала би билеп, ақын-жазушыларымыздың өлеңдерінен үзінді оқыды.

 

JoomShaper