Бітіруші түлектер түйіндемені қалай дұрыс жазу қажеттігі түсіндірілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және құқық институты студенттерінің түйіндемелеріндегі олқылықтар мен қателіктерді алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Рекрутинг орталығы, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің рекрутинг және бизнес инкубатор бөлімі, институт директоры Н.С.Құлмырзаев, институт директорының орынбасары А.Е.Жусупов, институттың аға-эдвайзер-тәлімгері З.Ж.Коржынбаева қатысты.
Жиын барысында Рекрутинг орталығының жетекшісі С.Т.Жарбулова білім алушыларға түйіндемені қалай жазу қажеттігіне тоқталды. Әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Ал «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің рекрутинг және бизнес инкубатор бөлімінің инспекторы А.Е.Стаева түйіндеменің мазмұны мен құрылымындағы ерекшеліктері жайлы көптеген мағлұмат берді.

JoomShaper