Жас өнертапқыштың мерейін асырған жоба

2020 жылдың 21 ақпаны күні ҚР Парламентінің Сенатында Қызылорда облысының күндері өтті.

Дәл осы ауқымды іс-шарада аймақтың IT саласына өзіндік үлес қосып, жаста болса бірқатар инновациялық тың жобаларды іске асырған жас өнертапқыш, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының магистранты Б.Н.Қадырбеков экономика ғылымдарының кандидаты, экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Серікұлы Құлмырзаевтың жетекшілігімен VR платформада «Ежелгі Жанкент қаласына виртуалды саяхат» атты жобасын көпшілік назарына ұсынды. Аталған жоба Сенат төрағасы Д.Назарбаеваның тікелей бақылауымен сәтті қорғалып, әрі қарай жүзеге асырылуына мүмкіндік алды. Ел дамуына айтарлықтай серпін берер жобаны әзірлегені үшін жас өнертапқышты Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Алғыс хатпен марапаттады.

 

JoomShaper