Университет мақтаныштары жеңіспен оралды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас спортшылары дзюдодан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында бой көрсетті.

Нәтижесінде А.Қалдыбек 73 кг салмақ дәрежесі бойынша, Н.Убайдулла 70 кг салмақ дәрежесі бойынша, Н.Шархан 100 кг салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, 1 орынды қанжығаларына байлады. Ал қарсыласына жер иіскеткен А.Жұбаназар 2 орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және баға сыйлықтар табыс етілді.

  

 

 

JoomShaper