«Түйіндеме: рәсімделудегі талаптар және жұмыс берушінің көзқарасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Рекрутинг орталығы мен облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесіп гуманитарлық-педагогикалық институтының 4 курс студенттеріне «Түйіндеме: рәсімделудегі талаптар және жұмыс берушінің көзқарасы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Басқосуда рекрутинг орталығының жетекшісі С.Т.Жарбулова «Өткір түйіндеме: жұмыс берушінің көзқарасы» тақырыбында, облыстық жастар ресурстық орталығының рекрутинг және бизнес инкубатор бөлімінің инспекторы А.Е.Стаева «Түйіндеменің мазмұны мен құрылымындағы ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, түйіндеме толтыруды және оны www.enbek.kz сайтына орналастырудың практикалық әдіс-тәсілдерін көрсетті. Семинарға студенттермен қатар институт директоры және кафедра меңгерушілері мен куратор-эдвайзерлер қатысып, ой-пікір алмасты.

 

JoomShaper