Докторанттар Әзірбайжан мемлекетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының МРОЗ-18-1д оқу тобы докторанттары Г.Т.Алдамбергенова, С.К.Таженова, С.С.Медетбаева Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының топырақтану және агрохимия институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама аясында «Топырақ мелиорациясы» зертханасының меңгерушісі, аграрлық ғылымдарының докторы Мустафа Гылманоглы Мустафаев докторанттарды институт басшылығымен және зертхананың жұмысымен таныстырды. Ғылыми тағылымдама тақырыбы: «Ластанған және тозған мелиоративтік жерлердің жай-күйін жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу жолымен мелиоративтік жүйелер жұмысының тиімділігін арттыру».

  

 

JoomShaper