«Архив-2025» бағдарламасы - іске асырылуда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасы Қызылорда облысының мемлекеттік архивымен бірлесіп, студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Басқосуда кафедра меңгерушісі М.С.Караманова «Архив-2025» жобасының жүзеге асырылу тарихына кеңінен тоқталды. Ал архив бөлімінің меңгерушісі Ж.Алтынбаева облыстық мемлекеттік архивінің атқарып жатқан нәтижелі жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ архивтің құрылу тарихы, архивте сақтаулы құжаттардың құрамы жайлы құнды мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай «Қызылорда облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтерінің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалану қағидасы», «Құжаттарды сақтауға қабылдаудың тәртібі», «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі», «Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті жасау тәртібі», «Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртібі», «Істерді орналастыру және сақтау тәртібі», «Құжаттарды сақтау режимін қамтамасыз ету тәртібі», тақырыптарында көптеген мағлұматтар берді.
Мұнан соң білім алушылар архив қызметіне қатысты толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

JoomShaper