«Фитнес-Аэробика 2020» дәстүрлі турнирі өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Фитнес-Аэробика 2020» дәстүрлі турнирі ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеген жарыста 5 команда өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде АЯ-18-3 оқу тобының студенті А.Ергешбаева, Х-18-1 оқу тобының студенті З.Өтегенова, УИА-19-2 оқу тобының студенті К. Гатаулина «Үздік жаттықтырушы» номинациясын иеленсе, КЯЛ-19-1 оқу тобының студенті А.Болатова «Шығармашылық» номинациясын қанжығасына байлады.
Ал Фин 19-1 оқу тобының студенті Ш.Жарасбекқызы, АЯ-18-3 оқу тобының студенті Р.Тілепбайқызы, ПО-19-1 оқу тобының студенті М.Жұмабаева, Фин-19-3 оқу тобының студенті Ж.Ерболатова, ВІВ-17-1 оқу тобының студенті Г.Өтегенова, ПСМ-18-1 оқу тобының студенті Қ.Нұртаза, ХТО-18-1 Ә.Итимген «Белсенді қатысушы» номинациясын жеңіп алды.
Сондай-ақ «Шеберлік» номинациясы ФИ-19-1 оқу тобының студенті А.Қожбанға бұйырса, «Әртістік» номинациясын Ж-19-1 оқу тобының студенті М.Тұрғантай еншіледі. Мұнан бөлек «Үздік спортшы ханым» номинациясына Ж-19-1 оқу тобының студенті З.Қонысжан, АЯ-18-3 оқу тобының студенті А.Жантас, АГР-19-1 оқу тобының студенті А.Мүсірәлі лайық деп танылды. Спорттық шара соңында жүлдегерлерге алғыс хаттар мен сый-сияпаттар салтанатты түрде табыс етілді.

 

JoomShaper