Рахмет, саған, Туған ел!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі өнер институты «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының меңгерушісі Н.Мейірманов, топ эдвайзерлері М.Шакирова, С.Аққұлова, Г.Ниязбаева МО-18-1, ТМИ-18-1 оқу топтарының студенттерімен бірлесіп «Рахмет, саған, Туған ел!» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты: талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған бейбіт еліміздің құрмет көрсететін күнін атап өту.
Салтанатты кешке дәстүрлі өнер институтының директоры Ғ.Б.Байулов, институттың аға тәлімгері А.Т.Жүнісова және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.
Мерекелік жиында ТМИ-18-1 оқу тобының студенттері: Малика Алдамжар, Әли Кеңесұлы, Ақбота Жәку, Әсем Мәжит өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдірді. Мұнан соң МО-18-1 оқу тобының студенті Еркемай Байғали өз арнауын мәнерлеп оқыса, Сатай Тұнық «Қара лашық» әнін орындады. Ризашылық күніне арналған кештің шымылдығын Марат Нәбиден, Әлиасқар Рахман «Рахмет, саған, туған ел!» әнімен жапты.

 

JoomShaper