Ана-өмірдің гүлі

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының студенттері «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Салтанатты кеште жастар ақжаулықты аналардың құрметіне поэзиядан үзінді оқып, әуезді әндерден шашу шашты. Шара соңында білім алушылар ұстаздарына ақжарма лебіздерін жеткізіп, алғыстарын білдірді.

JoomShaper