Сапалы білім-саналы ұрпақ азығы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары Байқоңыр қаласы Төретам кентіндегі №85 орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда кафедраның профессор-оқытушылары техника ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Е.А.Назаров, химия ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Н.А.Ахатаев, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Д.Д.Орынбеков жас талапкерлерге іргелі оқу ордасының сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі рөліне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ оқытушылар «Экология және табиғатты пайдалану», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында оқушылар толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

  

JoomShaper