Сыйынар ем ана деген тәңірге

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Г.Ш.Асқарова мен п.ғ.м., аға оқытушы Г.М. Маханова және ТМО-19-1, НД-19-1, СИБ-19-1, ИС-19-1 оқу топтары студенттерінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Шара барысында аяулы аналар жайлы мақал-мәтелдер мен ғибратты әңгімелер айтылды. Сондай-ақ думанды шарада танымдық сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылды. Мұнан бөлек кеште жастар әуезді әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Салтанатты жиынға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

JoomShaper