Құрметті ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер!

Міне, табиғаттың таңғажайып жаңаруымен, жасаруымен ілесіп, ақынның жырына, сазгердің әніне арқау болған, сезімге толы сұлулар мерекесі де келді.

Осы орайда, Сіздерді шуақты көктемнің арайлы мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл нәзіктік пен әсемдік атаулыны бойына жинаған қыз-келіншектеріміз бен аяулы ана, ақ жаулықты әжелеріміздің құшақтарын гүлге, көңілдерін қуаныш нұрына бөлейтін ғажайып мереке. Осындай шуақты мерекелеріңізде Сіздерге бақыт пен махаббат, еңбектеріңізге табыс, шалқар шабыт пен мол қуаныш, зор денсаулық пен отбасылық бақ-береке тілеймін!

Ізгі тілекпен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Бейбіткүл Кәрімова

JoomShaper