Білім алушылар бейбіт заманның куәгері Қ.Қарымсаққызының шаңырағында болып қайтты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі - технологиялық институты «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Далдабаева және ЗУ-16-1, КД-16-1 оқу топтарының студенттері Ұлы Отан соғысының тыл ардагері 96 жастағы Қатыш Қарымсаққызының шаңырағында болып, хал-жағдайын біліп қайтты.

Соғыс жылдарында ер азаматтар түгелімен соғысқа аттанып кеткенде, «Көкжиде» ауылдық советінің барлық атқарылар жұмысы 15 жасар Қатыш Қарымсаққызына жүктеледі.
Кейін соғыс аяқталғаннан кейін Қ.Қарымсаққызы Нұртай есімді майдангерді кезіктіріп, тұрмыс құрады. Алайда жары майдан шебінде алған жарақатынан айыға алмай, дүниеден ерте озады. Осылайша Қ.Қарымсаққызы 25 жасында 2 қызымен қалады. Қиындықтарға төтеп беріп, жемісті еңбек етіп, екі бірдей перзентті дүниеге әкеліп, тәрбиені тал бесіктен бойларына сіңіреді.
Ал екі қызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар абыройлы қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан.
Бүгінде кейуана бейтінің зейнетін көріп, ұрпақтары ортасында бейбіт заманның куәгері болуда.

 

JoomShaper