Дұрыс таңдау – жарқын болашақ кепілі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлі-технологиялар институт директоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Таңжарықов Панабек Әбсатұлы бастаған бір топ профессор - оқытушылар құрамы Арал ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Биыл Арал ауданы бойынша 785 бітіруші түлек мектеп табалдырығынан тәмәмдамақ. Іс-сапармен барған университет делигациясы Арал ауданында мектеп оқушыларына іргелі оқу ордасы мен ондағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы және білім беру жүйесі мен оқуға түсу шарттары туралы түсіндерме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда университетте жоғары білім беру – Бакалавриатта 27 даярлау бағыты бойынша 80 білім беру бағдарламасы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру - магистратурада 16 даярлау бағытында 64 БББ, докторантурада 8 даярлау бағытында 12 білім беру бағдарламасымен мамандар даярланады. 2000 жылдан бастап, Қазақстанның қорғаныс күштері үшін запастағы офицерлер даярлау мақсатында университетте әскери кафедра жұмыс жасайды.
Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі толық қалыптасқан. Студенттер сарайы, студенттерге арналған 5 жатақхана мен «Сейхун» спорттық сауықтыру кешені білім алушылар үшін қызмет көрсетеді.
Талапкерлер кездесу барысында университеттің дәстүрлі өнер институты білім алушыларының өнерін тамашалады.

JoomShaper