Шеберлік сағаты өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Физика және математика» кафедрасының профессор міндетін атқарушы, физика математика ғылымдарының кандидаты Б.Е.Турбаев және оқу ордасының білім алушылары №253 орта мектептің ұжымымен кездесті.

Басқосуда «Математика» мамандығының 4 курс студенті Балдырған Қожатай мен дәл осы мамандықтың 2 курс магистранты Жібек Рысбекова «Математикалық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында оқушыларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.

JoomShaper