Қазалылық 637 өрен мектеп табалдырығын тәмамдамақ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялар институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Таңжарықов Панабек Әбсатұлы бастаған бір топ профессор - оқытушылар құрамы Қазалы ауданында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында іс-сапарда болды.

Айта кетейік биыл Қазалы ауданында мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басатын талапкерлердің саны 637.
Шара барысында мектеп оқушыларына іргелі оқу ордасы мен ондағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы және білім беру жүйесі мен оқуға түсу шарттары туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Кездесу мұнан соң концерттік бағдарламаға ұласты.
Салтанатты жиын соңында жас талапкерлерге мамандық таңдауда бағыт - бағдар беріп, жарқын болашаққа даңғыл жол ашып, қолдау көрсетіп отырған бірқатар ұстаз Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімованың алғыс хатымен және университет төс белгісімен марапатталды.

JoomShaper