Жаңартылған бағдарлама: математика және жаратылыстану бағытындағы жаңа мазмұн

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Физика және математика» және «Математика және қолданбалы механика» кафедраларының аға оқытушылары А.А.Ибраева, Қ.Канибайқызы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Жаңартылған бағдарлама: математика және жаратылыстану бағытындағы жаңа мазмұн» тақырыбындағы облыстық ғылыми практикалық конференцияда сарапшылық етті.

Педагогтардың кәсіби тұрғыда дамуына ықпал ету, жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілімен кіріктіре жүргізудің тәжірибелерімен бөлісу, қолдау көрсету, сонымен қатар студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға 43 оқытушы, 22 студент өз жұмыстарын ұсынды.
Секция жұмысы барысында студенттер педагогикалық іс-тәжірибе барысында қолданған педагогикалық тәсілдері мен мектеп оқушыларының қызығушылықтарын арттыратын тапсырмаларды таңдауы жайлы өз ойларын ортаға салды. Осы орайда белсене атсалысқан білім алушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

JoomShaper