Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат

Педагогтардың іскерлік шығармашылықтарын арттыру мақсатында «Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат» тақырыбында қолөнер шеберлерімен кездесу өтті.

Басқосуға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі А.Ә.Әлайдарова қатысты.
Шараның негізгі мақсаты сәнді қолданбалы өнер жайлы жан-жақты мағлұмат беру, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, рухани құндылықтарды нығайту.
Кездесу аясында қазақ халқының дәстүрлі өнері дәріптеліп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Жиын соңында қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

JoomShaper