Халықаралық өнер-білім фестивалі өтті

«Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен халықаралық өнер-білім фестивалі өтті. Салтанатты шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі өнер институты «Сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасы «Дизайн» мамандығының студенттері қатысты.

Нәтижесінде «Қолөнер» номинациясы бойынша: Айгерім Нағашыбек - бас жүлдені (жетекшісі – п.ғ.м. А.Ә.Әлайдарова), Арайлым Мұханбетхан - 1 орынды, Ақдидар Молдабекқызы - 2 орынды, Айдын Қалдыбай 2- орынды (жетекшілері – т.ғ.к. К.Б.Касенова), Венера Сағидуллақызы - 3 орынды (жетекшісі – т.ғ.к. Ж.Ж.Смаилова), Бағила Төребек - 2 орынды, Ақнұр Қабылова - 2 орынды (жетекшісі – п.ғ.м. А.Т.Жүнісова) жеңіп алды.
Сондай-ақ «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша: Әділбек Сейділда - бас жүлдені, Гүлжанат Сейтасқарова - 3 орынды, (жетекшілері – п.ғ.м. Е.П.Мақашев), Айсана Қаниева - 1 орынды, Айгерім Құрмаш - 2 орынды, Алина Монтаева -3 орынды (жетекшілері – т.ғ.к. Ж.Ж.Смаилова), Асылзат Азаматова - 2 орынды (жетекшісі – т.ғ.к. К.Б.Касенова) қанжығаларына байлады.

JoomShaper