Мерейі үстем мереке

Алғыс айту күні аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі өнер институты «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі Ж.Ж.Смаилова және ПО-19-1, Д-18-1 оқу тобы эдвайзерлері А.Т.Жүнісова, Қ.Б.Қасенованың ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған келелі басқосуға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының татар этномәдени бірлестігінің өкілі Р.Х.Смаханова, неміс этномәдени бірлестігінің өкілі С.В.Крюгер, шешен этномәдени бірлестігінің өкілі С.Хаджиев қатысып, қонақжай қазақ халқына алғыстарын жеткізді.
Жиын барысында этномәдени бірлестік өкілдері жалынды жастармен өзара ой-пікір алмасты. Содан соң университет шәкірттері өз арнауларын ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты. Кездесу соңында білім алушылар «Алғыс» әнімен кеш шымылдығын жапты.

JoomShaper