Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының оқытушылар құрамы және «Тарих, Археология және этнология» мамандығының 1,2,3-курс студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – білім алушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру. Сондай-ақ ұлы ойшылдың тұлғасын зерттеудегі Әл-Машанидің алар орны мен ғылыми және рухани мұрасын талқылау болып табылады.
Жиын барысында с.ғ.к., доцент Е.М.Әбенов «Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси ғылымдарға қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасап, әлемнің екінші ұстазының ғылымдағы алатын орнына тоқталып өтті. Ал, аға оқытушы М.М.Жұмаділдаев «Әлемнің екінші ұстазының Отанына оралуы» атты баяндамасында ең алғаш болып Әл-Фарабидің шыққан тегін зерттеп, туып өскен жері бүгінгі қазақ жері екенін дәлелдеген, оның мұраларын топтастырған А.Машанов зерттеулерін айрықша атап өтті.
Жиын студенттерге ойшыл-ғалым Әл-Фарабидің өмірбаянымен, шығармашылығымен жақын танысуға, оның ғылыми еңбек мұраларын ой-електен өткізіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.

JoomShaper