Арт-терапия мен би терапияның элементтері түсіндірілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Педагогика және психология» кафедрасының 4-курс студенттері М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде педагогикалық-практикадан өтті.

Практика аясында білім алушылар «Арт-терапия және би терапиясының элементтері» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шараға колледждің оқытушылары мен білім алушылары және практика әдіскері қатысты. Басқосуда арт-терапия мен би терапияның шығу тарихы, қолданыстағы функциялары, бағыттары мен элементтері туралы мағлұмат берілді.

JoomShaper