Өшпей тұғын артына сөз қалдырған...

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Г.Ш.Асқарованың ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Өшпейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Мазмұнды шараға ЭЭ-19-1 және ЭЭ-19-1у оқу топтарының студенттері қатысты. Тәрбие сағаты барысында кемеңгер жазушының жинақтарынан көрме ұйымдастырылып, жаңадан жарық көрген кітаптары жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ шара аясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қабырға газеті ілініп, слайд пен бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Мұнан бөлек жастар заңғар тұлғаның өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, «Ескендір» поэмасынан үзінді сахналады.

JoomShaper