Шағын футболдан жарыс өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылар құрамы Байқоңыр қаласында өткен шағын футболдан облыстық турнирге қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық әлеуетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған тартысқа толы ала доп бәсекесінде қатысушылар тыңғылықты әзірлікпен келгендіктерін байқатты.
Спорттық сайыста 5 команда бақ сынасты. Нәтижесінде «Қорқыт Ата ҚМУ құрама» командасы 1 орынға ие болды. Ал 2 орынды «Энергия» құрама командасы (Байқоңыр қаласы) қанжығасына байлады. 3 орын «Мир-2001» құрама командасына (Байқоңыр қаласы) бұйырды.
Сондай-ақ «Қорқыт Ата ҚМУ құрама» капитаны Қ.М.Қиясов турнирдің «үздік ойыншысы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

JoomShaper