Мамандық таңдау- маңызды іс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылар құрамы Сырдария ауданы Ақжарма ауылының №130 Абай атындағы орта мектебінде «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Басқосудың негізгі мақсаты: бітіруші түлектерге мамандық таңдау мәселесінде дұрыс бағыт-бағдар беріп, іргелі оқу ордасы жайлы жан-жақты ақпарат тарату.
Жиынға университеттің оқытушылар құрамы қатысты.Олардың қатарында «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты М.К.Жайлауова, «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі С.Ш.Тілеубай, «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы А.Е.Жүсіпов, «Физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ.Ешмұрат бар. Кездесу соңында мектеп оқушылары қатысушы қонақтарға толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

JoomShaper