Жатақхана кеші көңілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті №1 студенттер үйінде «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к А.Ш.Абдимомынова және топ эдвайзерлері А.Ғ.Тоқмырзаева, Г.Ш.Шайхисламова және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан ГМУ-18-1 п/я, ГМУ 18-3 оқу тобы студенттері «Жатақхана кеші көңілді» тақырыбында ойын-сауық кешін ұйымдастырды.

Салтанатты шараның негізгі мақсаты жатақхана тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлау, жастардың өзара қарым-қатынас жасауына жағдай жасау, достық байланыс орнату.
Кеште  кафедра меңгерушісі, э.ғ.к А.Ш.Абдимомынова студенттерге достық, адамгершілік, татулық тақырыбында бірқатар тәрбиелік мән бар ғибратты әңгімелер айтты. Кеш барысында танымдық сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастар әуезді әннен шашу шашып, бір-бірімен емен-жарқын сұхбаттасты.

JoomShaper