Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» - Smart-reading

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы және гуманитарлық-педагогикалық институтының «Орыс тілі және орыс әдебиеті» кафедрасы бірлесіп ҚР Ұлттық Аударма Бюросынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері туралы жазған кітабы бойынша орыс тілі мен тарих мамандықтары студенттері үшін smart-reading ұйымдастырды.

Кафедраның аға оқытушысы п.ғ.к. С.Т.Жарболова осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрген әлемнің 40 тіліне аударылып, 30 миллион данамен таралған №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленген оқулықты арнайы слайд арқылы білім алушылар назарына ұсынды. Бұл оқулықты жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға оқитындығын және миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналғандығын мысал келтіре отырып сипаттады.
Кітапхана қызметкері Р.Доспаева іс-шараны қорытындылай келе, жастарға төрткүл дүниені толық мойындатқан «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» оқулығын оқуға кеңес берді.

JoomShaper