Денсаулық –өмір өзегінің негізі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушылары №5 студенттер үйінде «Денсаулық - байлықтан қымбат» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының баға жетпес байлық екендігін ұғындыру, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал жасау.
Шара барысында кафедра меңгерушісі Г.К.Сыдықова және профессор-оқытушылар Г.Ж.Асанова, М.Ф.Файзуллаева, Д.Б.Нұржанова, Н.Б.Ермұханова, А.А.Ташимова сөз алып, жастарға зиянды әдеттердің кері әсері жайлы мағлұмат берді. Ал білім алушылар өз кезегінде слайдтар мен бейнероликтер әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды. Мұнан соң жастар әннен шашу шашып,қатысушы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

JoomShaper