Мазмұнды кездесу

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының студенттері ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының «Жоспарлау және суды бөлу» бөлімінің бас маманы Мәлікайдар Қаржаубайұлымен кездесті.

Басқосуға «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының білім алушылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты студенттерге өздері оқып жатқан мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру.Сондай-ақ суды өлшеу құрылғысының жұмыс жасау принципімен таныстыру және маңыздылығын ұғындыру. Кездесу аясында жастар көптеген қызықты мағлұматтарға қанықты.

JoomShaper