Білім алушылар «Студенттік ант» қабылдады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының НВП-19-1 оқу тобы студенттері «Студенттік ант» қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Есіркепов, профессор, п.ғ.к., Ж.Егізбайұлы, Т.Д.Бимаханов, М.К.Мурзабеков, Тұран филиалы «Болашақ» партия ұйымының төрайымы А.Ж.Берденкулова және студенттер мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты шара барысында «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Есіркепов студенттік анттың маңыздылығы жайлы қысқаша баяндама жасады. Мұнан соң лейтенант М.К. Мурзабеков НВП-19-1 оқу тобының білім алушыларын студенттік ант қабылдауға ресми түрде шақырды. Жүктелген міндеттерді табандылықпен орындауға ант берген жас ұландықтар әрі қарай арнайы тізімдегі бағанға қол қойып, әскери адыммен саптағы белгіленген орындарына жайғасты.

JoomShaper