Абайдың этникааралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі құқық апталығы аясында «Абайдың этникааралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Д.Мусаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Асамблеясы кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Оразбақов, облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Б.Е.Оспанов, AGI CDCS Kazakhstan JV Permit координаторы М.Б.Мусаев, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы А.Жаппасбаев және оқытушылар мен студенттер қатысты.
Жиында ұлтаралық келісім мен толеранттылықтың Қазақстандық үлгісі, нормативтік және құндылық құрамдардың қатынасы туралы айтылып, Абайдың этникааралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі жайында сөз қозғалды.

JoomShaper