Мектеп түлектерімен кездесу

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Абылай хан атындағы №140 орта мектептің оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында кафедра оқытушылары мектеп оқушыларына университет, кафедра тарихы туралы баяндап, сұранысқа ие мамандықтары жайлы мағлұмат берді. Мұнан соң №1 оқу ғимаратының кітапхана меңгерушісі Р.Т.Доспаева оқушыларды кітапхана жұмысымен, кітап қорымен таныстырды. Сондай-ақ кітапхана залдары бойынша экскурсия жүргізді.

 

 

JoomShaper