Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибені сәтті аяқтады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының РЯЛ-18-2у және РЯЛ-17-2 оқу тобы студенттері педагогикалық практиканың қорытынды конференциясына қатысты.

Басқосуда «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі П. С. Есенова, құзыреттілікті дамыту және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы С. Т. Жарбулова және практика жетекшісі Л. С. Тайбекова білім алушылардың есебін тыңдады. Есеп беруде студенттер практика барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, сынып жетекші қызметін атқарғандықтарын атап өтті. Сондай-ақ білім алушылар оқытудың интерактивті әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, ашық сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастырғандықтарын жеткізді.
Конференция соңында РЯЛ-17-2 оқу тобының студенттері А.Базыл, А.Нұрболқызы, А.Еламан практика аясында жоғары нәтижелі көрсеткіш көрсете білгендіктері үшін мектеп басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.

JoomShaper