Үздік мерген-2020

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институтының студенттері «Алтын жебе» орталығының ұйымдастыруымен мергендік спорттық түрі – садақ атудан «Үздік мерген-2020» атты спорттық жарысқа қатысты.

Шараның мақсаты ұлттық ойындарды жандандыру арқылы қазақы дәстүрді дәріптеп, дамыту.
Жарыста іріктеу турынан өткен 30-дан аса жас өз бақтарын сынады. Нәтижесінде ПП-19-1 оқу тобының студенті Ақбота Анвар жүлделі 1 орынды иеленіп, алтын медальды жеңіп алды. 2-орынды Ж-18-1 оқу тобының студенті Мақсат Қосынбаев қанжығасына байлады. 3-орын Ая-19-3, Ая-19-5 оқу топтарының студенттері Жақсыбай Данияр мен Ерназар Алпамысқа бұйырды. Сондай-ақ институт директоры атынан сайысқа белсене қатысқан бір топ студенттер арнайы дипломмен марапатталды.

JoomShaper