Жүз жырау жүзік салған

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі өнер институты «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жүз жырау жүзік салған» тақырыбында жыршы, термешілермен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты атадан балаға мирас болып келе жатқан жыраулық өнерді ұлықтау. Басқосуға халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Маңғыстаулық жыршы Т.Е.Асқамбаев, Қарағандылық дәстүрлі әнші А.Қамажан, Семейлік дәстүрлі әнші А.Өсиетқызы, Қызылордалық жыршы К.Түрікпен және М.Сүгірбай қатысты.
Рухани азық сыйлар шараға Маңғыстаулық жыршы Т.Ерсайынұлы Маңғыстаудың маңрамасымен бастаса, А.Қамажан Арқаның кең тынысты әнін шырқады. Ал, Семейлік дәстүрлі әнші А.Өсиетқызы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап, ақынның «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» әнімен жалғады.
Сондай-ақ, келген қонақтарға белгілі жырау, ҚР мәдениет қайраткері Р.Ахметов және «Құрмет» орденінің иегері, жыршы Ш.Бимбетова Сыр елінің термелерін орындады. Сонымен қатар өз заманының терең ойшылдары, философиялық толғаулардың иесі, ақылшы билері, дипломатиялық ахуал орнатушы – жыраулар жайлы мәлімет берілді.
Дәстүрлі өнер институтының директоры Ғ. Байұлов қатысушы қонақтарды облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының алғыс хаттарымен марапаттады.

JoomShaper