Қорытынды конференция өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Шетел тілдері және аударма» кафедрасы «Шетел тілі:екі шетел тілі » мамандығының 3 курс студенттері педагогикалық практиканың қорытынды конференциясына қатысты.

Конференция барысында білім алушылар қала, аудан мектептерінде өткізген іс-тәжірибелері жөнінде өзара ой-бөлісті. Әр студент өз есептерін қорғады. Практика аясында «Ағылшын тілі» апталығы, «Who is the best?» , Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Abai- a great Kazakh poet » тақырыптарында ағылшын тілінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылды.
Осы ретте жастар сынып ұжымымен етене араласып, тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушылармен бірге өткізген бес апта уақыттың зырғып өткенін де жеткізді. Практиканы сәтті аяқтаған студенттерді жетекшілері Ш.Т.Есембекова мен Ш.К.Абадилдаева мұқият тыңдап, сәйкесінше бағалады.

JoomShaper