Қайырымдылық жасау - ізетті іс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және құқық институты «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының әлеуметтік жұмыс білім алушылары қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Игі бастаманы кафедраның оқытушылары М.А.Махамбетова мен А.Ғ.Тоқмырзаева қолға алды.

Бүгінде акция аясында белсенді жастардың саны күн санап артуда. Олардың бірқатары тұрмысы төмен отбасыларға моральдік - материалдық тұрғы да көмек көрсетіп, сауапты іске ұйытқы болуда.
Қазіргі таңда топ жетекшісі А.Ғ.Тоқмырзаева әлеуметтік жұмыс білім алушыларымен бірлесіп осы жобаны әрі қарай дамытып, барынша жұмыс жасауға ниетті. Осы ретте жастар инстаграмм желісінде парақша (gmu_sr) ашып, нәтижелі жұмыс жасауда. Сондай-ақ еріктілер университет ұжымын да дәл осы парақшаға тіркеліп, қайырымды істер жасауға шақырады.
Айта кетейік ұйымдастырушылар осы бастаманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің әлеуметтік жұмыс білім алушыларына жолдайтындықтарын жеткізді.


JoomShaper