ҚМУ студенттері жеңімпаз атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі – технологиялық институтының көптілді топтар білім алушылары Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 45 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Facing the Future» атты республикалық байқауға қатысты.

Аталмыш байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» БББ докторанты А.Арыстанбектің жетекшілігімен "Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі", "Компьютерлік ғылымдар" және "Мұнай газ инжинирингі" кафедраларына қарасты ЭЭ-17-1 оқу тобының студенті Сабит Әділет, ИС-18-1 п/я оқу тобының студенті Динара Болатбек және ТМО-17-1 оқу тобының студенті Никита Филатов оқу ордасының намысын қорғап, жүлделі 2 орынды қанжығаларына байлады.

 

 

 

JoomShaper