Психологиялық тренинг өтті

Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы А.С.Шеримова және 2 курс студенттері Жеткергенова Ұлжан және Жақсылықова Асел «Атамекен балалар ауылы» балаларымен «Тұлғаның өз-өзіне сенімділігін арттыру» тақырыбы аясында тренинг өткізілді. Мақсаты - балалармен танысу, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тренинг барысында  20 ға жуық бала қатысты.  Тренинг танысу сәтімен басталды. Танысу барысында балалардың барлығы ашық, тез араласып кетті, тұйықталып қалған бала болған жоқ.  Жақын танысқан соң, балалармен ойын ойнатылды. Балалар екі топқа бөлініп «Тапқыр» ойынын ойнады. Ойын барысында әр топтың мүшелері белсенділігін танытты. Ойыннан соң сергіту сәті өткізілді. «Ипподром» деп аталатын ойын ойнатылды. Бұл кездеде де қатыспай қалған бала болмады, барлығыда жасына қарамастан өте белсенді болды, бұл ойын олардың көңіл-күйлерін көтеріп, белсенділіктерін арттырды. Келесі «Ертегі» деп аталатын ойын ойнадық. Мұндада балалар екі топқа бөлінді. Сурет салып, өздер ертегі құрастырулары керек болатын. Екі топта керемет, жаңаша ертегілер құрастырды, өздерінің ертегілерін айтып, таныстырды. Кері байланыс ретінде «Алтын балық» ойынын қолдандық. Әр бала алтын балыққа үш арманы мен тілегін айтуы керек болатын. Бұл сәт өте әсерлі болды, әр бала өзінің арманын жасырмай айтты, бұл балалар арасында ұжымдық бірлікті арттырды, сонымен қоса өздерінің армандарын айту арқылы сол армандарына бір қадам жақындай түсті.  Жалпы тренинг барысында алған әсер ерекше болды. Балалар өздерінің пәк көңілдерімен қарсы алып, байланысқа түсуден қашпады. Керісінше әрбір айтқан нұсқаулықты тыңдап, ерекше қызығушылықтарын танытты.

        

JoomShaper