Колледж білім алушыларына арналған «Ашық есік» күні

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық институты «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының профессор-оқытушылары Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің бітіруші түлектеріне «Ашық есік» күнін өткізді.

Шарада гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры С.Т.Тайман мен практикалық ағылшын кафедрасының меңгерушісі Г.Р.Нұрекешова емен-жарқын қарсы алып, бітіруші түлектермен жүздесті. Мектеп оқушылары Шетел тілі: екі шетел тілі және Аударма ісі мамандықтарының қыр-сырымен танысып, цифрлық-лабораториялық аудиториялар мен кітапханаларды аралады.
Кездесу аясында колледж шәкірттері іргелі оқу ордасының студенті атанудың қаншалықты мақтаныш екендігін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

JoomShaper