Білім алушылар кәсіби біліктіліктерін Шиелі ауданында шыңдады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Тарих» мамандығының Ист-17-1 оқу тобы студенттері «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының оқытушысы п.ғ.м. А. Ж. Асанбаеваның жетекшілігімен Шиелі ауданының №43 мектеп-лицейінде педогогикалық іс-тәжірибеден өтті.

Білім алушылардың іс-тәжірибесі теориялық білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.
Педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттер оқу жоспарына сәйкес ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын ұйымдастырды.
Педагогикалық практика соңында оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде белсенділік танытқан 6 студент «Алғыс хатпен» марапатталды. Мұнан соң конференция өткізіліп, іс-тәжірибе нәтижелері талқыланды. Есеп құжаттамалары тапсырылды.

 

 

JoomShaper