Ұлы Абайға арналған мерекелер жалғасуда

Қорқыт атындағы мемлекеттік университетінің жатақхана ғимаратында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «РЯЛ», «ХБ», «МО», «ПО», «Диз.», «Ю», «Агр.», «Хор» мамандықтары бойынша оқитын студенттердің қатысуымен әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

Орыс тілі мұғалімі Ш.Ш.Бейсембаеваның жетекшілігімен Агр-19-1 студенттері дайындаған танымдық әдеби композициясы МО-19-1 студенттерінің Абайдың әдемі әндерін шырқаумен жалғасты. Көрермендерді таңқалдырған әсем де тартымды, Хор.-19-1 тобының жас бишілері дайындаған «Шашу» және «Көзімнің қарасы» билері болды.
Кездесуде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Д.Сәрсенова сөз сөйлеп, Абай шығармашылығының қазақ халқының өзіндік санасын дамытудағы рөлі мен маңызы туралы ой бөлісті.
Кешке сонымен қатар мұғалімдер мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі Есенова П.С. қатысты.
Осы іс шарадан кейін қатысқан барлық студенттер тәлімгерлерімен бірге «Абай» трагедиясын тамашалау үшін Н.Бекежанов театрына бірге барды.

JoomShaper