Шеберлік сағаты

Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар" кафедрасының филиалы Абылайхан атындағы №140 орта мектептің мұғалімдерімен жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырды.

Екі жақ арасындағы жұмыс жоспарына сәйкес мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Н.С.Қонысова және Р.М.Кенжегулова кафедраның 2,3 курс студенттеріне «ХІХ ғ. 11 жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Сабақ барысында бағалау критерийлері, дискрипторларды анықтау, мәтінмен жұмыс жасау, кері байланыс, интерпретация сынды әдістер қолданылды. Ал студенттер мұғалімдердің пайдаланған әдіс-тәсілдерінің тиімділігін түсініп, белсенділік танытты.
Басқосу соңында кафедра меңгерушісі М.С.Караманова ұстаздарға алғысын білдірсе, кафедра оқытушылары У.С.Ибраев, Ш.К.Тухмарова, А.Ж. Асанбаева өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 

JoomShaper