Ашық сабақ өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі–технологиялық институты «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының ХТН-19-1М оқу тобы магистранты Таңшолпан Асылбекқызы педагогикалық практика аясында «Күріш қауызы мен сабанынан алынған көміртекқұрамды белсендірілген көмірдің физика – химиялық қасиеттерін анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақ барысында 3 курс білім алушылары фронтальды әдіс бойынша бірлесе жұмыс жасау, «миға шабуыл», рефлексия, SWOT анализ арқылы қорытындылау және бағалау секілді жаңартылған әдіс–тәсілдерді меңгерді.
Шараға «Көміртекқұрамды және композициялық материалдар нанотехнологиясы» пәнінің оқытушылары: х.ғ.к., аға оқытушы Н.Ә. Тоғызбаева және практика жетекшісі PhD, аға оқытушы Н.И. Ақылбеков қатысты.

 

  

 

JoomShaper